Sports.kz сайтының жазуынша, осы нәтиженің арқасында алматылық клуб УЕФА тарапынан қосымша сыйақы алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Алматының "Қайрат" футбол клубы 2026/27 жылғы еурокубок маусымында шамамен 2 млрд теңге табыс тапқан.
Жалпы кезеңде "Қайрат" қос кездесуді тең аяқтаған. Әр тең ойын үшін клубқа 133 мың еуродан (67,1 млн теңге) төленеді.
– "Қайрат" Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне шыққаны үшін 3,17 млн еуро (1,6 млрд теңге) табыс тапты. Бұған дейін клуб Чемпиондар лигасының үш іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін 525 мың еуро (264,9 млн теңге) сыйақы алуға мүмкіндік алған. Осылайша, алматылық команданың қазіргі жалпы табысы 3,961 млн еуроға немесе шамамен 2 млрд теңгеге жетті, – делінген ақпаратта.
Бұл сомаға клубтың Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алғаны мен Чемпиондар лигасының іріктеу сатыларына қатысқаны кіреді. Сонымен қатар, 2 кездесуде тең түскені үшін берілетін сыйақылар да бар.