Алматылық "Қайрат" УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта ойында Бельгияның "Андерлехт" командасына жол берді. Брюссельдегі "Лотто Парк" стадионында өткен ойын 3:0 есебімен алаң иелерінің айқын жеңісімен аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматыда өткен алғашқы кездесуде "Андерлехт" 3:0 есебімен басым түскен болатын. Сол соғылған үш голмен бельгиялықтар жауапты ойын алдында айтарлықтай басымдыққа ие болған еді.
Осыдан кейін "Қайратқа" Брюссельдегі матчта кемінде үш гол айырмасын жою міндеті тұрды. Алайда барлығы керісінше болды. "Андерлехт" Алматыдағы қарқынынан айнымай, алғашқы кездесудегі есепті қайталады. Ойынның 45-ші минутында Цветкович есеп ашты, 53-ші минутта Сикан екінші голды кіргізсе, 71-ші минутта Бьянкон есепті 3:0-ге жеткізді.
Осыдан кейін жалпы есептегі үш доптық айырманы қысқарту мақсатымен келген Рафаэль Уразбахтин шәкіріттерінің салы суға кетті. "Қайрат" есепті теңестіруден бұрын, қарсылас қақпасына бір доп соғу бұйырмады.
Осылайша, "Қайрат" Еуропа лигасының негізгі кезеңіне өте алмады. Екі матчтың нәтижесі бойынша алматылық команда турнирдегі жолын осымен аяқтады. Дегенмен, УЕФА Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігін жоғалтқан жоқ.