Негізінен, УЕФА регламенті бойынша әр жеңіске 400 мың, тең ойынға 133 мың еуро беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
26 қараша күні Алматыда өткен матчта Еркін Тапалов (14-минут) жеңіс голын өз атына жазды, ал қақпашы Темірлан Анарбеков 7 соққыны қайтарды. Бұл "Қайраттың" еурокубок негізгі кезеңіндегі алғашқы жеңісі саналады.
УЕФА регламенті бойынша әр жеңіске 400 мың, тең ойынға 133 мың еуро табысталады. Осыған дейін "Рига" (1:1) және "Аталантамен" (1:1) тең түскен алматылықтар 4 турда тек матч нәтижелері үшін 666 мың еуро (шамамен 334 млн теңге) табыс тапқан. Бұл сомаға турнирге қатысу төлемдері мен өзге бонустар кірмейді.
Қазір 5 ұпай жинаған "Қайрат" кестеде 23-орынға көтерілді. Сол арқылы плей-офф аймағына (үздік 24 клуб қатарына) еніп отыр. Алда румыниялық "Университатя" және нидерландтық "Твенте" клубтарына қарсы соңғы 2 тур ойындары өтеді.