"Қайрат" футболдан Қазақстан чемпионы атанды

297

Алматылықтарға тең нәтиже де чемпиондық атақты сақтап қалуға жеткілікті болса, астаналықтарға тек жеңіс қажет болатын.

"Қайрат" футболдан Қазақстан чемпионы атанды Фото: Қайрат ФК

Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) соңғы, 26-турында Алматының "Орталық" стадионында алтынға басты үміткер қос команда – жергілікті "Қайрат" пен елордалық "Астана" кездесті.

Ойынның алғашқы бөлігі қонақтардың басымдығымен өтті. "Астана" белсенді прессинг жасап, шабуыл мүмкіндіктерін іздеді. Көп ұзамай, 15-минутта хорват легионері Марин Томасов Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаны дәл көздеп, есеп ашты.

Бір гол жібергеннен кейін алматылықтар қарқын қосып, ойын тізгінін өз қолына алды. Екінші тайм алаң иелерінің айқын басымдығымен басталды. 56-минутта жас шабуылшы Дастан Сәтпаев тамаша соққысымен есепті теңестіріп, "Қайратты" қайта чемпиондық жолға қайтарды.

Ойынның қалған бөлігі тартысты өтті. "Астана" бар күшін салып алға ұмтылғанымен, тағы бір гол соға алмады. Ал "Қайрат" бірнеше рет қауіпті қарымта шабуыл ұйымдастырды.

Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша, "Қайрат" басты қарсыласымен өткен шешуші ойында чемпиондық атағын қорғап, Қазақстан Премьер-лигасының қатарынан екінші мәрте чемпионы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу