"Қайрат" футзал клубына жаңа бас бапкер келді

Бұл туралы команданың баспасөз қызметі ресми парақшасында жазды.  

"Қайрат" футзал клубына жаңа бас бапкер келді Фото: kazfootball.kz

Клуб президенті Қайрат Оразбеков Густаво Парадедамен 3 жылдық келісімшарт жасалғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жаңа бас бапкер – клуб тарихындағы ерекше азаматтардың бірі. Ол 2004-2009 жылдары "Қайрат" сапында Еуропадағы алғашқы тарихи жетістіктерге қатысып, UEFA футзал кубогының қола жүлдегері атанған.

Соңғы жылдары клуб жүйесінде спорт директоры ретінде қызмет атқарды. Өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында қиын сәтте команданы қабылдап, "Қайратты" Қазақстан чемпионы атағына жеткізді. 

– Густаво – "Қайраттың" рухын толық түсінетін адам. Ол бұл клубта ойыншы ретінде де, маман ретінде де көп жыл еңбек етті. Оның бойында нағыз қайраттық мінез бен жеңімпаздық рух бар. Өткен маусымда ол өте қиын кезеңде команданы қабылдап, чемпиондыққа жеткізді. Біз оған толық сенеміз және клубтың болашағын осы маманмен байланыстырамыз, – деді "Қайрат" футбол клубының президенті Қайрат Оразбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу