23 қарашада алматылық "Қайрат" футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Польшаның "Пяст" командасымен кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де өтеді.
Алматылық клуб жарыстың негізгі кезеңінде Латвияның "Бейтар" командасын 5:3 есебімен жеңіп, Бельгияның "Андерлехт" клубына 3:8 есебімен есе жіберген.
1/8 финалдағы алғашқы матчта "Қайрат" Польша клубына қарсы алаңға шығады.
Қазақстандық клубтың ойынға қатысатын құрамы:
Қақпашылар: Илья Ерошенков, Жоао Пауло Насименто, Бруно Томазелли.
Ойыншылар: Нұрсұлтан Шарапиденов, Жоао Педро Гонсалвеш, Ақжол Дәрібай, Жахангир Рашит, Алмас Иманбеков, Әлімжан Сейітнұр, Камиль Герейханов, Азат Валиуллин, Нұрдәулет Кешубаев, Павел Карпов, Жомарт Тоқаев, Кайо Руис, Атирсон Феррейра, Ержан Кұрманбай, Луис Камило Коста, Рафаэль Рафао.
Айта кетейік, "Семей" футзал клубы 1/8 финалға шығу үшін 24 қарашада Украинаның "Атлетик" (Днепр) командасымен кездеседі.