"Қайрат" капитанымен келісім-шартты тағы бір жылға ұзартты

251

Бүгін "сары-қаралар" "Жетісуға" қарсы алаңға шығады. 

"Қайрат" капитанымен келісім-шартты тағы бір жылға ұзартты

"Қайрат" ФК Беларусь құрамасының қорғаушысы Александр Мартыновичпен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады. 38 жастағы футболшы Алматыда тағы бір жыл өнер көрсетеді.

"Қайрат" ФК тәжірибелі қорғаушы, Беларусь құрамасының капитанымен келісім-шарт ұзартқанын қуана мәлімдейді. Жаңа келісім 2026 жылдың соңына дейін есептелген және тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар, – деп мәлімдеді "Қайрат"  клубының баспасөз қызметі. 

Алматылықтардың капитаны саналатын Мартынович "Қайратқа" 2024 жылдың жазында ауысқан болатын. Ол барлық турнирлерде 48 матч өткізіп, бес гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

"Сары-қаралар" сапында белорус футболшысы Қазақстан чемпионы (2024), Қазақстан Суперкубогының иегері (2025) атанды және "Қайраттың" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына үлес қосты.

Бүгін, 5 қазан күні алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының 24-турының шегерілген матч аясында талдықорғандық "Жетісуды" қабылдайды. Кездесу Алматыда 16:00-де басталады. Бұған дейін екі команда 56 рет жолыққан: алматылықтар 33 рет жеңіске жетсе, талдықорғандықтар 12 ойында басым түскен, тағы 11 матч тең аяқталған. Доптар айырмасы – "Қайраттың" пайдасына 86:44. Қазір "Қайрат" 52 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында, ал "Жетісу" 21 ұпай жинап, оныншы орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу