"Қайрат" Қазақстан Суперкубогінің қола жүлдегері атанды

1991

Мамба дебюттік голын соғып, командасына жеңіс сыйлады.

"Қайрат" Қазақстан Суперкубогінің қола жүлдегері атанды

"Қайрат" Қазақстан Суперкубогінде үшінші орын үшін таласта "Шахтермен" кездесті. "Түркістан Арена" стадионында өткен матч 2:1 есебімен алматылық клубтың пайдасына аяқталды.

Командалар ойынға екінші құрамдарды шығарды. Соған қарамастан матч жақсы өтті. Бірақ ойын сапасы жағынан бірінші жартылай финалдық кездесуден айтарлықтай төмен болды. Сонымен қатар гол соғатын сәттер көп болды. Алайда оларды жүзеге асыру ойдағыдай өткен жоқ. Соғылған голдарды көрермендер тек үзілістен кейін ғана тамашалай алды.

Ойынның 51-минутында Жан Али Пайруз Евгений Павловтың пасынан кейін есеп ашты. 63-минутта Денис Поляков таразы басын теңестірді. Ал матчтың аяқталуына екі минут қалғанда Штрели Мамба жеңісті голдың авторы атанды. Биыл жаңа маусымда "Падерборн" командасынан келген неміс шабуылшысы Вагнер Лавтың шығарған пасынан кейін "Шахтердің" қақпасына қарай жалғыз өзі бет алып, Тимурбек Зәкіровтан айласын асырды.

"Қайрат" — "Шахтер" 2:1 (0:0)
Голдар: Пайруз 51 (0:1), Поляков 63 (1:1), Мамба 87 (2:1).

Осылайша "Қайрат" клубы Қазақстан Суберкубогінің қола жүлдегері атанды. Кездесу аяқталған соң алматылық футбол клубының ойыншыларын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш турнирдің финалы ертең "Астана" мен "Тобыл" командалары арасында өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу