"Қайрат" келесі кезеңге өте ала ма?

2226

Алматының "Қайраты" Еуропа лигасындағы ойынында жеңіліп қалды.

"Қайрат" келесі кезеңге өте ала ма?

Беэр-Шева қаласының "Хапоэль" деген командасымен кездескен "Қайрат" сырт алаңдағы алғашқы кездесуінде 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Енді бір аптадан кейінгі жауапты матчта Қазақстанның командасы келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі қалды ма?

Матч басталысымен отандастарымыз өте жақсы комбинациялық ойын көрсетті. Шабуыл өтіндегі жігіттер өткір қимылдап, қарсыласты әбден тықсырды. Алайда, айып алаңындағы келеңсіз жағдайдан соң "Қайрат" қақпасына пенальти белгіленді. Израиль елінің ойыншылары гол салып, есепте алға шықты. Алексей Шпилевский баптайтын ойыншылар таразы басын теңестіреміз деп алға ұмтылып жүргенде қақпаға екінші гол да кіріп кетті. Енді алматылық ұжымның келесі айналымға өтуі қиындау. Дегенмен, ойын соңындағы "Қайрат" соққан гол есептелгенде жағдай жерлестеріміз үшін өте жақсы болып тұрар еді. Дегенмен, 1-тамыз күні өтетін Алматыдағы ойында қазақ ойыншылары қолдан келгеннің бәрін істеуге тырысады. Айта кетуіміз керек, егер "Қайрат" үшінші кезеңге өтер болса, онда Норвегияның "Норчеппинг" командасымен кездесетін болады.  

"Хапоэль Беэр-Шева" (Израиль) - "Қайрат" (Қазақстан) - 2:0

Голдар: Рамзи Сафури 10 (пенальти), Эден Шамир 63

Ермұхамед МӘУЛЕН

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу