Қайрат Келімбетов БЖЗҚ директорлар кеңесі құрамына енді

Аскар Муминов Аскар Муминов
2816

БЖЗҚ директорлар кеңесінде аяқ-астынан өзгеріс болды.

Қайрат Келімбетов БЖЗҚ директорлар кеңесі құрамына енді

БЖЗҚ сайтында Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры директорлары кеңесінің жаңа құрылымы жарияланды, бұл өзгерістер туралы алдын ала ештеңе айтылмаған болатын. Директорлар кеңесі құрамы не себептен өзгергені беймәлім. БЖЗҚ директорлар кеңесінің құрамына кіргендердің ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов те бар, мұны сайта жарияланған жаңартылған тізімнен аңғаруға болады.

Осылайша, БЖЗҚ-ның директорлар кеңесінің жаңарған құрамына "БЖЗҚ" АҚ директорлар кеңесі төрағасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева, "БЖЗҚ" АҚ  директорлар кеңесі мүшесі, жалғыз акционердің өкілі Қайрат Келімбетов, "БЖЗҚ" АҚ  директорлар кеңесі мүшесі, жалғыз акционердің өкілі Руслан Бекетаев, "БЖЗҚ" АҚ  директорлар кеңесі мүшесі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Майраш Қозжанова, "БЖЗҚ" АҚ  директорлар кеңесі мүшесі, тәуелсіз директор Бисенғали Таджияқов, "БЖЗҚ" АҚ  директорлар кеңесі мүшесі, тәуелсіз директор Қадыржан Дамитов, "БЖЗҚ" АҚ  директорлар кеңесі мүшесі, тәуелсіз директор Global Sovereign Advisors  серіктестік  басқарушысы Борис Борозан және"БЖЗҚ" АҚ  директорлар кеңесі мүшесі, "БЖЗҚ" АҚ басқармасының төрағасы Нұрбибі Наурызбаева енді.

Аbctv.kz-тің дерек көздері бойынша, БЖЗҚ директорлар кеңесінен "АТФ-Банк" АҚ басқармасының төрағасы Энтони Эспин шығып қалған. Қайрат Келімбетов бұған дейін Ұлттық банк басшысы болып тұрған кезінде БЖЗҚ активтерін басқару жөніндегі кеңес құрамында болған. БЖЗҚ директорлар кеңесінің неліктен өзгергені белгісіз, abctv.kz қор өкілдерінен ресми түсініктеме алуға тырысып жатыр. Сондай-ақ Қайрат Келімбетова БЖЗҚ директорлар кеңесіндегі жұмысын қазіргі жұмысымен қатар алып жүре ме, ол жағы да белгісіз болып отыр. Айта кетерлігі, БЖЗҚ сайтындағы жаңартылған тізімдегі ең маңызды нәрсе – ол тек БЖЗҚ директорлары кеңесі мүшелерінің өзгергені ғана.

Гүлназ Ермағанбетова, Асқар Момынов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу