"Қайрат" – "Левски" матчына неміс маманы төрелік етеді

268

Матч Түркістан қаласында өтеді.  

"Қайрат" – "Левски" матчына неміс маманы төрелік етеді Фото: Global Look Press

Еуропалық футбол ассоциацияларының одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының квалификациясы аясында өтетін "Қайраттың" қарымта кездесуіне төрешілер бригадасын бекітті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістанда өтетін жауапты матчта германиялық белгілі арбитр Даниэль Зиберт қазылық етеді. Даниэль Зиберт – Еуропадағы тәжірибелі реферилердің бірі. Ол өткен маусымда ПСЖ мен Арсенал арасындағы финалды, сондай-ақ, Чемпиондар лигасының 10 матчын басқарған.

Алғашқы ойында "Қайрат" Софияда "Левскиге" қосымша уақытта 0:1 есебімен есе жіберді. Енді алматылық команда өз жанкүйерлерінің алдында есе қайтаруға тырысады.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда емес, Түркістандағы 7 мың орындық аренада өтеді. Алматыдағы стадионда 14 тамызда әнші Канье Уэсттің концерті өтеді.

Айта кетейік, "Қайрат" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның "Сутьеска" клубын екі матч қорытындысы бойынша 4:1 есебімен (2:1, 2:0) жеңді. Ал екінші кезеңде Кипрдің "Омониясын" пенальти сериясында 6:5 есебімен ұтып, келесі айналымға жолдама алған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу