"Қайрат" матчына орай алматылық полицейлер Копенгагенге неге барды?

169

26 қараша күні Қазақстан уақытымен 22:45-те алматылық клуб даниялықтарға қарсы матч өткізеді. 

"Қайрат" матчына орай алматылық полицейлер Копенгагенге неге барды?

2025 жылдың 26 қарашасында Копенгаген қаласында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылық “Қайрат” футбол клубы жергілікті “Копенгаген” командасымен кездеседі. Осы орайда футболшылармен бірге алматылық полицейлер де Данияға аттанды. 

Бұл туралы 24 қарашада Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Алдағы күндері өтетін “Копенгаген” – “Қайрат” халықаралық футбол матчы қарсаңында Алматы полициясының өкілдері ірі спорттық іс-шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесімен алмасу үшін Данияға келді. Делегация құрамында Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ногайбаев және Әуезов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Майлықбаев бар”, – деп хабарлады департамент.

Олар халықаралық матчтар кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесін, атап айтқанда стадион инфрақұрылымын, кіріп-шығу тәртібін, жанкүйерлердің қозғалу бағыттарын, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын және қауіпсіздік қызметтерінің өзара әрекеттесуін зерделеу үшін барған.

“Үш күн бойы алматылық полицейлер қос тілде видеокүнделік жүргізіп, Алматыда өтетін футбол матчтарын ұйымдастыруда қолдануға болатын негізгі бақылаулар мен тәжірибелер туралы айтып отырады”, – деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу