"Қайрат" негізгі құрамдағы 2 футболшысымен қоштасты

Оның бірі – 28 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зариа. 

"Қайрат" негізгі құрамдағы 2 футболшысымен қоштасты Фото: Қайрат ФК

Бүгін алматылық клуб құрамында 3 маусым бойы доп тепкен Офри Арадтың да командадан кеткені хабарланды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Гиорги "Қайрат" сапына 2024 жылдың басында қосылған еді. Ол 30 матчта 15 нәтижелі пас беріп, ҚПЛ-дің үздік жартылай қорғаушысы да атанды.

2025 жылғы маусымда грузиялық ойыншы "Қайратқа" ел чемпионы атанып, Қазақстан Суперкубогын жеңуге көмектесті. Сондай-ақ, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға еңбек сіңірді. 

Зариа алматылық ұжымда жалпы 59 матч өткізіп, 16 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді. 
"Қайратпен" бүгін қоштасқан израильдік футболшы Офри Арад та команданың жоспарын орындауға көп көмектесті. Ол "Қайрат" сапындағы соңғы матчында "Джузеппе Меацца" стадионында "Интердің" қақпасына гол соққан еді. 

Офри Арад алматылық клуб үшін 92 матч өткізіп, 3 гол соқты, 10 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін қазақстандық ойыншы Ислам Чесноковтың Шотландия чемпионатына ауысқанын жаздық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу