"Қайрат" өз алаңында "Каспийге" жеңілді

1146

Ойынның 6-минутында Жоао Пауло жарақат алды, ал 32-минутта "Қайраттың" қақпашысы Данил Устименко алаңнан қуылды.

"Қайрат" өз алаңында "Каспийге" жеңілді

"Қайрат" Қазақстан Кубогінің екінші туры қарсаңында "Каспиймен" кездесті. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 0:2 есебімен аяқталды. Ойынның 31-минутында "Қайраттың" қақпашысы Данил Устименко Рамазан Кәрімовке қарсы ойын тәртібін бұзғаны үшін тікелей қызыл қағаз алды. Ал 8 минуттан кейін "Каспийдің" жартылай қорғаушысы Никола Цуцкич гол соқты. 54-минутта Алексей Зелеский баспен гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Қазақстан Кубогінің екі турында да жеңіске жеткен ақтаулық клуб турнирлік кестеде алғашқы орында қала берді. "Қайрат" 3 ұпаймен екінші орында тұр.

Сондай-ақ "Мақтаарал" Қазақстан Кубогінің екінші туры қарсаңында "Таразды" қабылдады. Матч Атакенттегі Орталық стадионда өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің 16-минутында "Мақтаарал" шабуылшысы Едіге Оралбай бұрыштамадан асырылған пасты қақпаға баспен дәл бағыттап, матчтағы алғашқы голды соқты. Бірақ 28-минутта Марлен Айманов өз қақпасына гол соғып алды. Ал 41-минутта Урош Ненадович "Тараз" жейдесіндегі алғашқы голын соғып, командасына үш ұпай сыйлады.

Қазақстан Кубогінің екінші туры қарсаңында "Ақжайық" пен "Қайсар" командалары үш ұпайды сарапқа салды. Матч Петропавлдағы Петр Атоян атындағы стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Қатарынан екінші матчта тең ойнаған қызылордалық клуб С тобында үшінші орынға жайғасты. Ал бірінші турда "Ақтөбені" жеңген Владимир Мазяр шәкірттері 4 ұпаймен бірінші орынға шықты. "Астана" клубы да 4 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу