"Қайрат" өз түлектерін қазақстандық клубтарға сатуға дайын

112

Жас футболшылардың құны 20-50 миллион теңге аралығында бағаланып отыр. 

"Қайрат" өз түлектерін қазақстандық клубтарға сатуға дайын

Алматылық "Қайрат" өз тәрбиеленушілерін Қазақстанның басқа клубтарына сатуға дайын. Футболшылардың бір бөлігі бұған дейін жалға берілген. "Қайрат" олармен қоштасуға дайын және өтемақы мөлшерін де белгілеп қойған.

"Қазақстан Премьер-лигасының көптеген клубы “Қайрат” академиясының жас футболшыларына белсенді қызығушылық танытып отыр. 

Мәселен, бұрын ҚПЛ клубтарында жалда ойнаған Мирас Оматай, Ян Труфанов және “Қайрат” жүйесінің басқа да өкілдерін қатарға қосу үшін 25–50 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге тура келеді.

4 қаңтар күні “Қайратпен” қолданыстағы келісімшарты бар барлық футболшы клуб базасына жиналады. Осыдан кейін олардың алдағы тағдыры белгілі болады. Ойыншылардың бір бөлігі жаңа команда іздейді, ал кейбірі негізгі құраммен бірге БАӘ-де өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу