"Қайрат" Өзбекстан чемпионынан жеңіліп қалды

985

Жолдастық кездесу Ташкентте өтіп, 4:3 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

"Қайрат" Өзбекстан чемпионынан жеңіліп қалды

"Қайрат" сапынан негізгі құрамда Устименко, Кейлер, Васин, Касабулат, Ткаченко, Буранчиев, Садыбеков, Швырев, Жоао Пауло, Алықұлов, Шушеначев алаңға шықты. Алаң иелері төртінші минутта гол соқты. Бірінші таймның ортасында Гүлжігіт Алықұлов таразы басын теңестіргенімен, үзіліске дейін "Пахтакор" ойыншылары қайта алға шықты. Екінші таймның басында Жоао Пауло тең есепті қайтарды. Содан кейін алматылық команда тағы да екі гол жіберіп алды. Ойын аяқталмай жатып, бразилиялық дубль жасап, қорытынды есепті орнатты. Осылайша "Қайрат" қарсыласына есе жіберді.

Кездесу аяқталған соң "Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер бүгінгі ойынға қатысты өз пікірімен бөлісті.

"Біз әртүрлі нұсқаларды қолдандық. Бүгін қорғаушылардың артында бос орын болды және олар көбінесе бір-бірден болды. Сондықтан біз шабуылдаушы топтың мүмкіндіктерін пайдаланып, ойынды тездеткіміз келді. "Пахтакор" – білікті және дайындалған команда. Ел чемпионы. Оқу-жаттығу жиынындағы бірнеше ойынды тамашаладық. "Қайратқа" келер болсақ, команда құрамында академияның легионерлері де, қазақ жастары да болды. Ойынды қайта қарап шығып, талдаймыз. Маған біздің төрт гол жіберіп алғанымыз ұнамады. Демек, жақсартуды қажет ететін тұстарымыз бар", - деді Кекер.

Айта кетейік, ташкенттік клуб 1956 жылы құрылған. Қазіргі уақытта ол 15 дүркін ел чемпионы және 13 дүркін Кубок иегері. "Мақташылардың" жаттықтырушысы қазір клубтың бапкер 44 жастағы өзбек маманы Максим Шацких. Футболшы ретінде ол ресейлік және украиналық клубтарда, сондай-ақ астаналық "Локомотив" клубында өнер көрсетті. Максим бапкерлік мансабын киевтік "Динамосының" құрылымында бастады, сонымен қатар волгоградтық "Роторында" жаттықтырушының көмекшісі болды. Өткен жылдың маусым айында "Пахтакордың" спорт директоры болып тағайындалса, бір айдан кейін команданың бас бапкері болды.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, "Пахтакордың" құрамы 9,75 миллион еуроға бағаланған. Ең қымбат ойыншы Өзбекстан құрамасының 27 жастағы орталық жартылай қорғаушысы Одилджон Хамробеков. Transfermarkt оны 1 миллион еуроға бағалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу