"Қайрат" ресейлік клубпен жолдастық матч өткізеді

128

 "Қайрат" Санкт-Петербургте "Зенитпен" кездеседі. 

 "Қайрат" ресейлік клубпен жолдастық матч өткізеді Фото: globallookpress.com

Халықаралық үзіліс кезінде "Қайрат" ФК "Зенитпен" жолдастық матч өткізеді.

Кездесу 28 наурыз күні Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында өтеді. Трансляция туралы ақпарат кейін жарияланады. Ойын клубтар арасындағы серіктестік байланысты нығайтудағы жаңа саты болып, командаларға ойын тонусын сақтауға мүмкіндік береді, – деп хабарлады алматылық клбубтың баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, соңғы рет "Қайрат" 28 ақпан күні Астана-аренада Қазақстан Суперкубогының финалында "Тобылмен" кездесіп, пенальтилер сериясында жеңіліс тапты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу