"Қайрат" Талдықорғанда 3 ұпай еншіледі

849

Футболдан Қазақстан чемпионатының 22-турынан кейін шымкенттік клуб көшбасшылықты сақтап қалды.

"Қайрат" Талдықорғанда 3 ұпай еншіледі Фото: kazfootball.kz

"Жетісу" футбол клубы Талдықорғанда ҚПЛ-2023 22-турының матчында алматылық "Қайратты" қабылдады. 12-минутта күтпеген жерден Нұрбол Нұрберген алаң иелерін алға шығарды. Дегенмен алматылықтардың көшбасшысы Жоао Пауло алдымен 33-минутта есепті теңестіріп қана қоймай, 62-минутта "Қайратқа" сырт алаңда маңызды жеңіс сыйлады. Осы жеңістің арқасында "Қайрат" 38 ұпай жинап, бір ойын кем өткізген "Қызылжарды" басып озды. Ал "Жетісу" 25 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады.

Матчтан кейін "Қайраттың" бас бапкері "Жетісумен" (2:1) өткен ойынға  қатысты пікір білдірді:

"Ұлттық құрама ойындарынан кейін ойнау – әрқашан қиын. Үш апта бәсеке бар матч ойнамасаң, қанша дегенмен сезіледі екен. Алматыдан бізді қолдап келген жанкүйерлер мен клуб қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Бірінші ойындағы жеңілістен кейін бүгін жеңу керек болды. Ол да қолымыздан келді", - деді Кирилл Кекер.

Сондай-ақ 17 қыркүйекте Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры аясындағы матчта қарағандылық "Шахтер" қызылордалық "Қайсармен" кездесті. Қарағандыда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. 56-минутта бірінші голды қарағандылық команданың және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Юрий Перцух соқты. Бірақ екінші таймда қызылордалықтар легионерлердің Бен Загренің (Буркино-Фасо) және Горан Милоико күшімен (Черногория) (70-ші) күшімен алға шықты.

Ойын тағдыры қосымша уақытта шешіліп, алаң иелерінің колумбиялық легионері Франсиско Кампо Мино командасын жеңілістен құтқарып қалды.  Қонақтар екінші таймның ортасынан бастап 10 ойыншымен қалды. Себебі 60-минутта Дидар Жалмұқан екінші сары қағаз алып алаңнан қуылды. Осы жеңістен кейін Қайсар 27 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орында қалды. Өз кезегінде "Шахтер" 24 ұпаймен 10-орынға тұрақтады.

Жалпы Қазсақстан чемпионатының турнирлік кестесіне келер болсақ, шымкенттік "Ордабасы" 49 ұпаймен көш бастап тұр. 44 ұпаймен "Ақтөбе" 2-орынға көтерілді. Ал 43 ұпайы бар елордалық "Астана" үздік үштікті түйіндеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу