Темірлан Анарбек "Қайратта" қалатын болды

140

Алматылық "Қайрат" футбол клубы қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековпен келісімшарттың ұзартылғанын ресми түрде хабарлады.

Темірлан Анарбек "Қайратта" қалатын болды Фото: Жеке парақшасынан

Жаңа келісім бойынша футболшы клуб сапында 2028 жылдың 30 қарашасына дейін өнер көрсетеді.

Темірлан Анарбеков соңғы маусымдарда өзін сенімді ойыншы ретінде көрсете білді. Оның тұрақты ойыны, еңбекқорлығы бапкерлер штабы мен клуб басшылығының сеніміне ие болды.

Осыған байланысты "Қайрат" ойыншымен ұзақмерзімді келісім жасау жөнінде шешім қабылдады.

Айта кетейік, "Қайрат" алдағы маусымда ішкі біріншіліктен бөлек, еурокубоктық жарыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу