"Қайрат" Түркияда ресейлік клубты жеңді

104

Алматылық ұжым Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. 

"Қайрат" Түркияда ресейлік клубты жеңді

Алматылық "Қайрат" Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында ресейлік "Оренбургты" 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды қазақстандық клуб сапынан Жоржиньо соқты.

"Оренбург" Ресей премьер-лигасында өнер көрсетеді. Маусымның алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша команда 18 матчта 12 ұпай жинап, турнир кестесінде 16 ұжымның ішінде 15-орында тұр. Клуб екі дүркін Бірінші лига чемпионы әрі осы лиганың Кубогының иегері атанған. Сондай-ақ 2014/2015 жылғы маусымда Ресей Кубогының жартылай финалына дейін жеткен.

Қазақстан премьер-лиасының жаңа маусымын "Қайрат" сырт алаңда өскемендік "Алтайға" қарсы матчпен бастайды. Одан кейін өз алаңында "Ақтөбені" қабылдап, кейін талдықорғандық "Жетісумен" кездесуге барады.

Айта кетейік, "Қайрат" Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиыны аясында бұған дейін бір матч өткізіп үлгерді. 7 ақпанда команда өзбекстандық "Пахтакормен" 1:1 есебімен тең түсті. Ал 19 ақпанда алматылық клуб ресейлік "Пари НН"-ге қарсы екі кездесу өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу