"Қайрат" – жақсы команда, олар бізге талап қоя біледі": Хаби Алонсо алматылық команда туралы айтты

"Реал Мадридтің" бас бапкері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші туры аясында БАҚ өкілдерімен кездесті.  

"Қайрат" – жақсы команда, олар бізге талап қоя біледі": Хаби Алонсо алматылық команда туралы айтты Фото: RealMadrid

Хаби Алонсо баспасөз мәслихатында Алматының тым шалғай орналасуы ойын нәтижесіне еш кедергі келтірмейтінін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ертең – Чемпиондар лигасы матчы. Қарсылас кім, қайда ойнайтынымыз маңызды емес, біз жеңіске жетсек дейміз. Маңыздысы – жақсы бастау. Біз өз алаңымызда жеңіске жеттік, енді сырт алаңда да ұпай жинауды жалғастырғымыз келеді, – деді Хаби Алонсо. 

Бас бапкер "ұзақ сапар мықты команда үшін қиындық тудырмауы тиіс" деген ойын да ашық жеткізді. 

– Бейімделе білу керек. Әдеттегі жоспарды сәл өзгерттік, бірақ футболда ең ақылдысы – жақсырақ бейімделген команда. Бұл – жай ғана тағы бір ойын, ал қашықтық кедергі де, сылтау да болмауы тиіс. Біз жеңіспен бастадық, әрі қарай да солай жалғастырғымыз келеді. Бұл – олардың алғашқы маусымы. Жақсы команда, бәрін дұрыс жасайды және бізге талап қоя біледі, – деп сөзін нақтылады ол.

Сонымен қатар, "Реал Мадридтің" жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде де әуежайдағы жанкүйерлердің күтіп алу сәтін айтып берді. 

– Алматыда "Реал Мадридтің" жанкүйерлері көп екені қуантты. Қазақстаннан қанша шалғай орналасса да, бұл елдегі жанкүйерлердің болуы – футбол үшін керемет көрініс. Түн ортасында келсек те, жергілікті тұрғындар көп жиналды. Бірақ таңғалдым деп айта алмаймын. Себебі, біз үшін қалыпты жағдай, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу