"Қайрат" "Жетісуды" ірі есеппен жеңді

327

Бүгінгі матчта Дастан Сәтпаев чемпионаттағы 12-голын соқты. 

"Қайрат" "Жетісуды" ірі есеппен жеңді

Алматылық "Қайрат" бүгін Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) 24-туры аясында өз алаңында талдықорғандық "Жетісуды" 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Кездесудің тағдыры іс жүзінде алғашқы таймда-ақ шешіліп қойған еді. Алаң иелері қарсыластың қақпасына төрт бірдей жауапсыз гол соқты.

9-минутта 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев пенальтиден есеп ашты. Араға 11 минут салып португалиялық Жоржиньо есепті еселесе, 35-минутта ол дубль авторы атанып, есепті ірі көрсеткішке жеткізді. 43-минутта бразилиялық Эдмилсон Сантос соққан голдың арқасында есеп 4:0 болды. 90-минутта Азамат Тұяқбаев матчтың нүктесін қойды – 5:0.

Бұл жеңістен кейін Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері 55 ұпайға ие болып, турнирлік кестеде 53 ұпайы бар "Астананы" басып озды да, көш басына шықты. Ал Самат Смақов жаттықтыратын "Жетісу" 21 ұпайымен 11-орынға сырғыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу