"Қайраттың" келесі ойынына жанкүйерлер қатысады

1449

Бұл матчқа кіру тегін болмақ.

"Қайраттың" келесі ойынына жанкүйерлер қатысады

Қазақстан премьер-лигасының 12-туры аясында Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы матч жанкүйерлердің қатысуымен өтеді.

Кіру тегін, бірақ әрбір көрерменнің билеті болуы қажет. Стадионға 4500 көрерменнің кіруіне рұқсат етілді. Яғни бұл стадионның жалпы сыйымдылығының 20%-ын құрайды. Сондай-ақ барлық көрермендерге ASHYQ қосымшасын жүктеп, оларға алдын-ала өздерінің мәртебесін біліп алу қажет.

2020-жылғы маусымдағы билет иелері мен бірінші тур матчына билеті бар жанкүйерлер ("Жетісу") осы және келесі матчқа тегін жіберіледі. Жанкүйерлер әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет, сондай-ақ міндетті түрде медициналық бетперде тағулары керек.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы ойында алматылық клуб "Ақжайыққа" есе жіберген болатын. Оралдағы "Ақжайық" стадионында өткен матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Нәтижесінде бұл жеңістен кейін Владимир Мазяр шәкірттері турнирлік кестеде 18 ұпаймен үшінші орынға көтерілсе, 17 ұпайы бар "Қайрат" төртінші орынға түсіп қалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу