"Қайраттың" UEFA Чемпиондар лигасында қанша пайда тапқаны белгілі болды

Қазақстандық команда барлығы 8 ойынның 7-еуінде жеңіліс тапты. 

"Қайраттың" UEFA Чемпиондар лигасында қанша пайда тапқаны белгілі болды Фото: sport-pulse.kz

Солай бола тұра "Қайрат" қомақты қаржыға кенелді деуге негіз бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өз тарихында тұңғыш рет бақ сынаған алматылық ұжым барлық матчтан бір ғана ұпай еншіледі. 

"Қайрат" алғашқыда Португалияның "Спортингіне" 1:4 есебімен есе жіберсе, Испанияның "Реал Мадридіне" (0:5) лайықты жауап қайтармады. Артынша Италияның "Интеріне" 1:2 есебімен жеңілсе, Грекияның "Олимпиакосынан" да (0:1) айласын асыра алмады. Одан кейінгі ойындарда Данияның "Копенгагеніне" 2:3, Бельгияның "Брюггесіне" 1:4, Англияның "Арсеналына" 2:3 есебімен жол берді. Тек ғана Кипрдің "Пафосымен" 0:0 есебімен тең тарқасып, тарихи 1 ұпайды еншіледі.

"Қайрат" Чемпиондар лигасын негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (11,23 миллиард теңге) алған. Негізгі кезеңдегі бір тең ойын үшін командаға тағы 19,32 миллион еуро (11,65 миллиард теңге) түскен. 

Еурокубок маусымы аяқталғаннан соң бұл сомаға телевизиялық және маркетингтік құқықты сатудан түскен төлемдер де қосылмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу