"Қайраттың" жаңа маусымға арналған құрамы жарияланды

171

"Қайрат" жаңа маусымға тың серпінмен қадам басты.

"Қайраттың" жаңа маусымға арналған құрамы жарияланды Фото: Қайрат ФК

"Сары-қаралар" жаңа маусымды жарқын жаңалықтармен бастады. 22 ақпанда Бесағаштағы клуб базасында өткен ресми таныстырылымда жанкүйерлерге жаңартылған құрам мен жаңа ойын формасы ұсынылды. Кештің басты жаңалығы – Дастан Сәтпаевтың символикалық №10 жейдені иеленуі болды.

Өткен маусымда №9 нөмірмен өнер көрсеткен Сәтпаев енді команданың ойын өрнегін айқындайтын "ондықты" арқалайды. Бұған дейін бұл нөмір грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зариаға тиесілі еді. Қысқы трансферлік кезеңде ол алматылық клубтан кеткен соң, №10 Сәтпаевқа сеніп тапсырылды.

Биыл №9 жейдені бразилиялық шабуылшы Эдмилсон иеленді. Ал қазақстандық жартылай қорғаушы Олжас Байбек №8 нөмірмен өнер көрсететін болды. Бұл өзгерістер жаңа маусымда тактикалық жаңарулар болатынын аңғартады.

Команданың негізгі қақпашысы Темірлан Анарбеков те нөмір ауыстырды. Бұған дейін №77 жейдемен алаңға шыққан ол енді қақпашыларға тән дәстүрлі №1 нөмірді таңдап отыр.

Бұл нөмір қазақстандық қақпашы Александр Заруцкий клубтан кеткеннен кейін бос қалған болатын. "Бірлік" пен сенімділікті білдіретін №1 енді Анарбековтың иығында.

Клуб тек құрамды ғана емес, ойын формасын да жаңартты. "Қайрат" отандық өндірушімен әріптестік орнатып, әлемдік стандарттарға сай жаңа жейделерді таныстырды.

Форманың дизайнында қазақтың ұлттық ою-өрнек элементтері сақталған. Бұл дәстүр мен заманауи стильдің үйлесімі.

"Қайраттың" жаңа маусымға арналған құрамы:

Қақпашылар: №1 Темірлан Анарбеков, №30 Данила Буч, №82 Шерхан Қалмұрза

Қорғаушылар: №3 Луиш Мата, №4 Дамир Қасабулат, №5 Лев Кургин, №14 Александр Мартынович, №20 Еркін Тапалов, №21 Әмірбек Базарбаев, №24 Александр Мрынский, №25 Александр Широбоков, №44 Лукас Африко

Жартылай қорғаушылар: №6 Әділет Садыбеков, №8 Олжас Байбек, №11 Себастьян Себальос, №13 Яакко Оксанен, №17 Азамат Тұяқбаев, №18 Дан Глазер, №19 Ойва Юккола, №27 Мұхамедәли Әбіш

Шабуылшылар: №7 Жоржиньо, №9 Эдмилсон, №10 Дастан Сәтпаев, №15 Мансұр Біркурманов, №23 Рамазан Бағдат, №99 Рикардиньо

Айта кетейік, алматылық клуб жаңа маусымдағы алғашқы ресми ойынын 28 ақпанда өткізеді. Олар Астана-аренада Қазақстан Суперкубогы үшін Қостанайдың "Тобыл" командасымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу