Ол футболдан Қазақстан кубогы Сыр еліндегі осы жаңа стадионда өтетінін де хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
UEFA мамандары стадионды сертификаттау бағытындағы тиісті әрі жауапты жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Қызылорда қаласында жаңадан бой көтерген 11 мың адамдық "Қайсар Арена" стадионы UEFA-ның ең жоғары, яғни 4-ші санатты сертификатына ие болған.
Бұған дейін футболдан Қазақстан кубогының финалы Қызылордадағы жаңа стадионда өтетінін жазған едік.
Ол – 4 қазан күні өтетін шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл" арасындағы ойын. Онда қос қарсылас Қазақстан кубогының финалында кездеседі.
Кеше футбол мерекесі аясында Қызылорда қаласындағы сауда орталығының бірінде Қазақстан кубогының таныстырылымы өтіп, көпшілік назарына ұсынылды.