"Қайсар" мен "Жетісу" жеңіске жетті

2597

Қазақстан премьер-лигасының бірінші тур ойындары аяқталды.

"Қайсар" мен "Жетісу" жеңіске жетті

Бірінші турдың екінші жарыс күнінде өткен екі ойында фавориттер жеңіске жетті. Қызылордалық "Қайсар" өз алаңында павлодардың "Ертіс" командасын қабылдап, 1:0 есебімен ұтты. Ойынның 11- минутында шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе есеп ашты. Матч соңына таман қонақ команда таразы басын теңестіретін тамаша мүмкіндікке ие болды. "Қайсар" қақпасына белгіленген пенальтиді Леван Куталия голға айналдыра алмады. Қызылордалық қақпашы Марсель Исламқұлов 11 метрлік айып добын қайтарып жіберді. Сонымен, Стойчо Младенов шәкірттері қоржындарына 3 ұпай салды.

Араға 20 жыл салып премьер-лигаға оралған Ақтау қаласының командасы "Каспий" өз алаңында талдықорғандық "Жетісуды" қабылдап, 0:2 есебімен есе жіберді. Ойынның алғашқы таймы голсыз өткенімен, екінші тайм қызыққа толы болды. 66-минутта болгариялық шабуылшы Мартен Тошев қақпашының өрескел қателігінен кейін талдықорғандықтарды алға шығарды. Ал ойынның 83-минутында "Жетісу" шабуылшысы Егор Зубович екінші голды соғып, матчқа нүкте қойды.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу