Қақпашы 98-минутта гол соғып, командасын Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығарды

105

Матчтың басты қаһарманы украиналық қақпашы Анатолий Трубин. 

Қақпашы 98-минутта гол соғып, командасын Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығарды Фото: globallookpress.com

Сәрсенбі күні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчтар өтті. Матчтың басты қаһарманы мадридтік "Реалға" қосымша минутта гол соққан "Бенфика" клубының украиналық қақпашысы Анатолий Трубин болды. 

Гранд клубпен өткен матчта "Бенфика" 3:2 есебімен алда тұрғанымен, бұл нәтиже лиссабондық ұжымға плей-оффқа шығу үшін жеткіліксіз еді. Командаға тағы бір гол қажет болды. 98-минутта Трубин айып добын орындау кезінде шабуылға қосылып, баспен қақпаға дәл соққы жасап, допты торға тоғытты.

Трубиннің дәл соққысы "Бенфика" үшін баға жетпес сыйға айналды. Команда турнирлік кестеде 24-орын иеленіп, плей-оффқа жолдама алды.

Кездесудің тағы бір қаһарманы "Бенфиканың" сол жақ қанаттағы шабуылшысы Андрес Шельдеруп болды. Ол дубль авторы атанды. Ал "Реал" матчты тоғыз ойыншымен аяқтады. Қорғаушы Рауль Асенсио мен шабуылшы Родриго қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу