Қақпашы Шерхан Қалмырза "Қайратпен" жаңа келісімшарт жасасты

Мұндай ақпаратты клубтың ресми парақшасы жариялады.   

Қақпашы Шерхан Қалмырза "Қайратпен" жаңа келісімшарт жасасты Фото: Жеке парақшасынан

Қос тарап 2028 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске салайық, 18 жастағы қақпашы негізгі команда сапында 5 ойынға қатысып, екеуінде қақпасын "құрғақ" ұстаған еді.

Былтыр атақты "Реал Мадрид" қақпашысы Тибо Куртуаның өзі әлеуметтік желі парақшасында Шерхан Қалмырзаға сәттілік тілеп: "Ең бастысы, еңбектене бер! Сәттілік тілеймін!" деп арнайы жазба қалдырған.

Сонымен қатар, даңқты қақпашы онымен ойын жейдесін алмасып жатқан суретін де жариялаған болатын.

Өткен жылы 18 жастағы Шерхан Қалмырза Еуропаның үздік қақпашыларының қатарына кірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу