Канаданың көшбасшы теннисшілері Қазақстан құрамасына қарсы матчқа қатыса алмайтын болды

134

Қазақстан мен Канада құрамалары арасындағы командалық әлем чемпионатына іріктеу матчы Астана қаласында өтеді. 

Канаданың көшбасшы теннисшілері Қазақстан құрамасына қарсы матчқа қатыса алмайтын болды

Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстанға қарсы матч алдында Канада құрамасында өзгерістер орын алды.

Tennis Canada мәліметінше, команда сапынан Канаданың үздік теннисшісі Виктория Мбоко мен Марина Стакич шығып қалды. Олардың орнына құрамаға Ариана Арсено шақырту алды. Ол Бьянка Андрееску, Габриэле Дабровски және Кейла Кросспен бірге өнер көрсетеді.

Виктория Мбоко денсаулығына байланысты матчқа қатыса алмайды. Оның айтуынша, соңғы күндері тісі қатты ауырып, жақын арада төрт ақыл тісін жұлдыруы қажет. Ал Марина Стакич жарақатына байланысты, нақтырақ айтқанда, беліндегі ауырсынуға байланысты кездесуден бас тартты.

Қазақстан – Канада кездесуінің жеңімпазы 2026 жылдың қыркүйегінде өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген команда қараша айында плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.

Матчтар 10-11 сәуір күндері Астанада өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу