Қанат Бозымбаев су жеткізу мәселелері бойынша Қырғызстан мен Өзбекстанда келіссөздер жүргізді

375

Тараптар Нарын каскады мен Талас бассейні бойынша, сондай-ақ Киров пен Орто-Токой су қоймаларының тамыз айындағы жұмыс тәртібін талқылады.  

Қанат Бозымбаев су жеткізу мәселелері бойынша Қырғызстан мен Өзбекстанда келіссөздер жүргізді Фото: primeminister.kz

28 шілдеде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен барып, Министрлер кабинеті төрағасы Адылбек Касымалиевпен және бірқатар салалық ведомство басшыларымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Келіссөз нәтижесінде судың аздығына байланысты жетпей қалған көлемді қосымша жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

29 шілдеде Қанат Бозымбаев Ташкентте Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен және су-энергетика саласының жетекшілерімен кездесті. Тараптар су беру кестесіндегі кідірістерді екі апта ішінде жою жөнінде нақты шараларды келісті.

Бұл келісімдер Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында вегетациялық кезеңді толық көлемде аяқтауға мүмкіндік береді. Су жеткізу мәселесі Үкімет пен өңірлік биліктің тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу