Кандидаттар – халық арасында

725

Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізіп жатыр.    

Кандидаттар – халық арасында

Бүгін, ұлық мереке ҚР  Тәуелсіздігі күнінде "Nur Otan" партиясы атынан 10 қаңтарда өтетін сайлауға  түсетін кандидаттар жастар ресурстық орталығының директорының міндетін атқарушы Ізтөлеу Түсіпов пен Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің директоры Раушан Қапарова "Самади" сауда орталығында болып, азаматтармен пікірлесті.

Алдымен сауда орталығының тұтынушыларын егемендіктің 29 жылдығымен құттықтаған кандидаттар "Nur Otan" партиясының  2025 жылға дейінге "Өзгерстер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!"  атты сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Партияның сайлауалды бағдарламасы төрт тараудан тұрады. Баршаға тең мүмкіндік беру, зияткер, дені сау және ұқыпты ұлт қалыптастыру, тұрақты экономика, есеп беретін мемлекет пен жауапты азаматтар деп тарау-тарауға бөлінген бағдарламамен жіті танысқан сатып алушының бірі Сәулет Ниязалыұлы (Қ.И.Сәтбаев атындағы №7мектеп-лицейдің мұғалімі):

–21 жылдың ішнде "Nur Otan" еліміздің  партиясы жетекші саяси ұйым екенін дәлелдеп үлгерді. Сондықтан, көпшіліктің таңдауы – нақты істердің партиясы "Nur Otan"-ға түсті әлі де түседі. Менің де партияға сенім артқаныма 14 жыл  болды. Осы уақыт аралығында өз саяси таңдауыма өкінген күнім болмапты. Елдігімізді сынаған коронавирустық пандемия кезінде  партияның халықпен бірге болғанына қатты қуандым. Жүрегімді мақтаныш кернегенін жасырмаймын. Елбасы айтпақшы біз "Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз" – деді де   халықтың әл-ауқатын арттыруды міндеті санайтын нұротандық кандидаттарға саяси додаға жеңіс тіледі.

Кандидаттар партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының жүктеген ауқымды міндеттерін орындай отырып  "Nur Otan" партиясының Қарағанды облысы Жезқазған қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында қамтылған экономиканы дамытудың тұрақтылығын қаматамсыз ету, жаңа жұмыс орындарын құрып, мысты өлкені өмір сүру үшін жайлы да қауіпсіз шаһарға айналдыру жоспарын өміршең етуге  біркісідей атсалысатындарына сендірді.

Сонымен бірге, кандидаттар жезқазғандықтардың өтініш-тілектеріне де құлақ асты. Азаматтардың – тілегі бір, Ол –  Тәуелсіз еліміз індетті жеңіп, оның әр салаға тигізген зардабының орнын тезірек толтыру.

Түрлі қилы заманды бастан кешкен қазақ халқы ауызбіршілігінің арқасында талай нәубетті артта тастап, жеңімпаз болып келеді. Бұл өтпелі кезеңде де Қазақстан мен оның халқы сөзсіз жеңімпаз болады. Бұған сеніміміз кәміл. Өйткені, бізде елдің қамын ойлайтын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен "Nur Otan" бар. Олар Қазақстанға жарқын болашақ сыйлайды!!!

"Nur Otan" партиясы     Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сайлау қорынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу