Қанша адамның жалақысы өседі?

45311

Жергілікті билік санап үлгерді.

Қанша адамның жалақысы өседі?

Президенттің биылғы Жолдауына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы көлемі 85 мың теңгеге дейін өсуі тиіс. Қазір бұл шек 70 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Осылайша, ең төменгі жалақының өсуі нәтижесінде елдегі 1,8 млн адамның айлық табысы артуы керек. Оның қатарында бюджет саласында еңбек ететін 350 мың адам бар.

Осы орайда Павлодар облысының билігі де өңірдегі қанша азаматтың еңбекақысы артуы керек екенін есептеп қойды. Жергілікті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук қай сала өкілдерінің кірісі еселенетінін айтты.

"Президенттің Жолдаудағы тапсырмасына сәйкес, ең төменгі жалақы көлемінің өсуі нәтижесінде біздің облыстағы 44 мың тұрғынның жалақысы артады. Оның ішінде 21 мың адам бюджеттік салада қызмет етеді. Олардың қатарында тәрбиешілердің көмекшілері, музей мен архив қызметкерлері, күзетшілер, қойма жұмысшылары, кассирлер бар. Аталған қызметкерлердің лауазымдың еңбекақысының көлемі қазір 85 мың теңгеден аз алады", - деді Ирина Назарчук.

Қазіргі уақытта мамандар аталған сала қызметкерлерінің айлығын өсіру үшін қанша қаражат қажет екенін есептеуде. Айта кетейік, Павлодар облысында барлығы 750 мыңнан астам тұрғын бар. Соңғы статистикалық деректер бойыншағ аймақтағы еңбек ететін азаматтардың орташа айлығы – 303 731 теңге.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу