Қаңтар-маусым айында Алматының кірісі жоспардан 22%-ға асып түсті

Дина Ермаганбетова Дина Ермаганбетова
13322

Алматының бюджетіне жарты жылда түскен салық көлемі жоспарлы көрсеткіштен үш есеге асып түскен. 

Қаңтар-маусым айында Алматының кірісі жоспардан 22%-ға асып түсті

"Жалпы экономикалық белсенділіктің баяулауына қарамастан 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Алматының бюджеттік бөлігі трансфереттердің түсуі есебінен 251,04 млрд. теңгеге жетіп, жоспарлы көрсеткіштен 22%-ға асып түсті. Салықтардың түсуі 169 млрд. теңге деңгейінде немесе есептілік кезеңіндегі түсімдердің жиынтық жоспарынан 29,9% -ға көп, салықтық емес төлемдер 4,7 млрд. теңге немесе 8,4 есеге көп. 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстыратын болсақ, ол кездегі салықтық түсімдер 145,97 млрд. теңгені, салықтық емес салықтар 4,1 млрд. теңгені құраған",- деп көрсетілген finprom.kz сайтындағы шолуда.

Осымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында қала бюджетінің шығын баптарының орындалмағаны белгілі болды. 203,4 млрд. теңге жоспары барысында нақты шығындар тек 192,3 млрд. теңгені құрады немесе түзетілген бюджет аясындағы келісілген көрсеткіштерден 5,4%-ға аз деп көрсетілген шолуда.

Негізгі шығындық баптар, атап айтсақ, білім беру және денсаулық сақтау басқалармен салыстырғанда орындаудың жоғары дәрежесін көрсетуде.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында қала бюджетін түзетуде шығындар артқан, олар Универсиада-2017 өткізу, халықты қолдау, қала аудандарын және негізгі қалалық жобаларды дамыту шығындарының артуы есебінен болып отыр.

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында  таза бюджеттік несиелеу 8,98 млрд. теңгені құрады (бюджеттік несиелерді 67,7 млн. теңге көлемінде жабу есебінен), қаржылық активтер операциясы есебі бойынша 0,19 млрд. теңге кері сальдо пайда болды. Ұлттық қордан келетін қарыздар бекітілген  кесте бойынша жүріп, 7,05 млрд. теңгені құрады.

Кірістердің айтарлықтай артуы және шығын баптарын жеткілікті орындамау нәтижесінде 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында Алматының бюджетінің пайдасы 49,9 млрд. теңгеге жетті.

"Түзетілген бюджет көрсеткіші есебінен есептілік кезеңінде 7,05 млрд. теңге тапшылығымен бюджетті қалыптастыру күтілгенін айтып кету керек. Бюджеттік қаражаттың қалдығы есептілік кезеңінің соңында 77 млрд. теңгеге артты",- деп шолуда көрсетілген.

Осы ретте, Алматы Қазақстан мемлекеттік бюджетінің негізгі ірі тірегі екендігін атап кету керек. 2016 жылдың қаңтар-маусым айында Алматы қаласы жиынтық салық және мемлекеттік бюджеттің басқа да түсімдердің төрттен бір бөлігін немесе 770,5 млрд. теңгені ( 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш 621,9 млрд. теңге болған) қамтамасыз етті. Көрсетілген соманың 594,1 млрд. теңгесі республикалық бюджетке жіберілген.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу