Қаңтар оқиғасында қаза тапқандар тізімі неге жарияланған жоқ?

1389

Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімі неге толық жарияланбағанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қаңтар оқиғасында қаза тапқандар тізімі неге жарияланған жоқ?

"Біз "Қаңтар-2022" деген қаза тапқандар тізімін зерделедік. Оны толық дұрыс деп айта алмаймын. Онда кейбір шикіліктер бар. Оны жеке кездескенде айтуға болады. Бірақ қаза тапқан адамдардың тізімін біз ресми түрде жариялаған жоқпыз. Тізімді жариялау қаза тапқандардың әке-шешелері мен туысқандарына қосымша қайғы әкеледі деп ойлаймыз. Сондықтан біз бұл тізімді ресми түрде жариялаған жоқпыз", – деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам қаза тапқан.

"Қаза тапқан адамдардың дерегі бойынша көптеген іс қозғалды. Оның ішінде адам өлімі бойынша 4 дерек бар. Терроризм актілері бойынша 46 дерек қозғалды... Кімнің кім екені қылмыстық істерді тергеу кезінде зерделенеді. Ол анықталғаннан кейін оны біз айта аламыз", – деп түйіндеді сөзін Бас прокурор.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу