Әзербайжанның "Қарабах" клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.
Венгриялық "Ференцварошқа" қарсы жауапты ойында 2:3 есебімен жеңілгенімен, сырттағы 3:1 есебіндегі жеңістің арқасында жалпы қарсыласты басып озды.
"Қарабах" іріктеуді екінші кезеңнен бастап, Ирландияның "Шелбурн" және Македонияның "Шкендия" клубтарын жарыстан шығарып, 4 ойында да жеңіске жетті.
Өткен маусымда "Қарабах" Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнап, 36-орынды иеленді. 8 турда бір ғана жеңіске қол жеткізген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу