Қарабақ қайтарылды. Кезек Нахичеванға жетті ме?

6103

Әзербайжан мен Түркия өздерін осы эксклав арқылы байланыстыратын құрлықтық жол салу мәселесін қарастырыр жатыр. Кейбір армяндар бұл жоспарды жүзеге асыру үшін одақтастар Арменияның бір бөлігін соғыспен алады деп қауіптеніп отыр. 

Қарабақ қайтарылды. Кезек Нахичеванға жетті ме? Фото: Дзен

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев дүйсенбі күні түрік әріптесі Тайып Ердоғанмен келіссөздер жүргізіп, екі ел арасында Армения арқылы құрлықтық дәліз салу мүмкіндігін меңзеді. Ереван болса, бұл идеяға әу-бастан қарсы.

"Армения жерінен өтетін, бірақ оның бақылауынан тыс экстратерриториялық дәлізді күшпен таңуды қабылдай алмаймыз", - деді өткен аптада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясысында сөйлеген сөзінде Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян.

Дүйсенбі күні Ердоған Армения, Иран және Түркия арасында орналасқан автономиялық Нахичеван эксклавына ұшып барды. Бакуға бағынышты бұл республиканы Әзербайжаннан Армения бөліп тұр. Енді Анкара мен Баку Арменияның оңтүстігінен жол тартып, сол Нахичеванды Әзірбайжанмен байланыстырғысы келеді. Жаңа дәліз Әзербайжанды әрі қарай Түркиямен де жалғар еді. Сонымен қатар, осы жоспар іске асатын болса, Түркия үшін өзге Түркі дүниесіне де жол ашылады.

Нахичеван Әзербайжаннан 40 шақырым жерде орналасқан. Оның 460 мың тұрғынының басым бөлігі – әзербайжандар. Әзербайжан аумағының 6 пайызы осы эксклавтың үлесінде. 

Нахичеван мен Әзербайжан арасындағы совет заманында болған автомобиль және теміржол қатынастары 1990 жылдардағы соғыс кезінде үзілді.   

Әлиев 2021 жылы Түркия мен Әзербайжан арасында осындай корридор салып, Арменияны Иранмен арадағы құрлықтық шекарадан айыратынын ескерткені бар.

Әзербайжан әскері Таулы Қарабақты қайтарғаннан кейін бір аптаға жетпейтін уақытта келіссөздер үшін символикалық түрде Нахичеванның таңдалуы Арменияны алаңдатпауы мүмкін емес. 

Бірлескен баспасөз маслихатында екі лидер журналистердің сұрақтарына жауап берген жоқ. Дегенмен, президент Әлиев мәлімдеме жасап, кеңестік дәуірдегі басшылықтың Әзербайжан советтік республикасына тиесілі территориялардың бір бөлігін Армения советтік республикасының жері деп санағанын атап өтті. 

"Осылайша, Әзербайжанның негізгі бөлігі мен Нахичеван арасындағы құрлықтық байланыс үзілді", - деп шағымданды Әлиев. 

Осы мәлімдемеден кейін қарабақтық армяндардың "Re:public of Artsakh"  атты ықпалды Телеграм-каналы Әлиевтің сөзі қорқынышты естілетінін айтып отыр.   

"Әзербайжан мен Түркияның ендігі көздегендері – Сюник (Арменияның оңтүстігіндегі облыс, жаңа дәліз өтуі тиіс аймақ). Олар қазірдің өзінде мұны ашық жариялап отыр. Соғысқа белсенді дайындық жүріп жатыр", - деп жазылған армяндар таратқан мәлімдемеде. 

Ердоған мен Әлиев Нахичеванда модернизациядан таяуда өткен әскери нысанды тамашалап, Түркиядан тартылатын жаңа газ құбырының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. 

Арменияда әскери база ұстап отырған және Ереванмен қорғаныс келісіміне қол қойған Ресей Украинадағы соғыспен әлек. Ал премьер-министр Никол Пашинян тым батысшыл көрініп жүр және де ол Әзербайжанмен де, Түркиямен де қатынастарды жақсартуға ниетті тәрізді. 

Ердоған өткен аптада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Оңтүстік Кавказ аймағында "бейбітшілік орнатуға тарихи мүмкіндік туғанын" атап өтті. Бұл мәлімдемені Түрік Республикасының жетекшісі Әзербайжан армиясы Қарабаққа қайта бақылау орнату үшін әскери операцияны бастағаны күні жасады. 

"(Бірақ) Армения бұл тарихи мүмкіндікті барынша пайдаланып жатқан жоқ. Біз екі ел (Әзербайжан мен Армения) арасында тез арада жан-жақты бітімгершілік келісімі жасалып, уәделер орындалады деп күтеміз, әсіресе Зәңгезур (құрлықтық) дәлізін ашу мәселесінде", - деді Ердоған. 

Бұл жерде Ердоған 2020 жылы Ресейдің делдалдығымен Әзербайжан мен Армения арасындағы 44-күндік соғысты аяқтаған келісімнің шарттарын меңзеп отыр. Сол пәтуада Әзербайжанның батысы мен Нахичеван арасындағы экономикадық және көліктік байланыстарды қайта ашу қажеттігі айтылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу