Қарағанды облысында бір топ жігіт кен орнына басып кірген (Видео)

19002

Қарағанды облысындағы Жәйрем кен-байыту комбинатында шу шықты. 

Қарағанды облысында бір топ жігіт кен орнына басып кірген (Видео)

"Дау қарындастан" деп ата-бабамыз тегін айтпаса керек. Даудың басы Жәйремде жаңадан салынып жатқан поллиметалл зауытының жасы егде тартып қалған түрік жұмысшының  жергілікті қыздың жалаңаш суретін әлеуметтік желіде жариялауынан шыққан.

Оның бұл  қылығына намыстанған жігіттер кен орнының шлагбаумын бұзып кіріп, оннан астам шетелдікті соққыға жығып, 6 шетелдікті өздерімен қоса әкеткен. Жергілікті жігіттер өз әрекеттерін "бұларды зауыт құрылысын салып жатқан фирма басшылығына айырбастаймыз" деп түсіндірген. Бір мәселенің артын қазбалап, шешімін таппаған көп мәселеге тап боламыз. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бұл жерде екі жарым мыңдай адам жұмыс істейді. Жәйрем кентінің азаматтары шеттен кеп жұмыс істейтіндердің көптігін, өздерінің жұмыс таба алмай жүргендігін де айтып қалуда.

Жәйрем кентіне облыс әкімі Ерлан Қошанов жедел жетпегенде, оқиға одан әрі ушыға берер ме еді кім білсін. Облыс басшысы жастардың талабын тыңдап, барлық талаптардың орындалуына күш салатынын айтқан. Жігіттердің талабы – видео жүктеген шетелдік жұрт алдында кешірім сұрасын және Жәйремнен түрік фирмасы кетсін.

Қазіргі таңда кенттегі жағдай тұрақты. Жеңіл жарақат алған шетелдіктерге медициналық көмек көрсетілген.

Айсұлтан Жақыпов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу