Қарағандыда көпқабатты үйдегі жарылыстан 3 адам қаза тапты

1785

Өрт сөндіру қызметі келіп жеткенше бір адам терезеден секіріп кеткен.

Қарағандыда көпқабатты үйдегі жарылыстан 3 адам қаза тапты Фото: denski_blog

Айтып келмейтін апат Қарағанды қаласының Республика даңғылындағы 16 қабатты үй тұрғындарын әбігерге салды. 10 қаңтар күні сағат 21.29-да алдын ала болжам бойынша газ балоны жарылып, оның соңы өртке ұласып кетті. Апат орын алған 8-қабаттағы пәтердегі қабат аралық плиталар мен қалқалар опырылып түскен. Өрт сөндірушілер жарылыс болған пәтерден екі ер адаммен бір әйелдің мүрдесін тапқан.

Құтқарушылар 16 қабатты тұрғын үйден 110 адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Өрт сөндіру қызметі келіп жеткенше үйдің сегізінші қабатындағы терезеден бір адам секіріп кеткен. Ол өзі секірді ме, әлде жарылыс дүмпуімен құлады ма, бұл жағы әлі беймәлім. Оны жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кеткен.

Төтенше жағдайлар қызметі апаттың себеп салдарын анықтауда. Айта кету керек, аталмыш тұрғын үйде орталықтанған газ жүйесі жоқ.

"Өрт сөндірілді, тұрғындар үшін автобус даярлап қойдық. Өрт шыққан үйдің тұрғындарын қойған қонақ үйлерге орналастырамыз. Негізінен үйде жылу жүйесі жұмыс жасап тұр, тек тоқты уақытша сөндіріп тастадық. Жағдайды бақылауда ұстаймыз",- деді оқиға орнына жеткен облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаев.

Осылайша сақылдаған сары аяздың күшіне енген кезінде 16 қабатты тұрғын үйдің халқы қиын жағдайға тап болды. Биліктегілер оқиғаның шығу себебі анықталған соң, көп қабатты тұрғын үйдің қауіпсіздігін тексереміз деп отыр.

Видео:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу