Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лигаға қайта оралды

489

"Шахтер" 55 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты.  

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лигаға қайта оралды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандылық "Шахтер" Бірінші лига маусымының аяқталуына алты тур қалғанда Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ХХ турда қарағандылықтар сырт алаңда семейлік "Елімай-М" командасын 3:0 есебімен сенімді жеңді. Кездесуде Андрей Ульшин 37-минутта есеп ашса, Нұрхан Қағазбаев 45-минутта басымдықты арттырды.

Ал 70-минутта Артем Литош матчтың нүктесін қойды. Осы жеңістен кейін "Шахтер" 55 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты. Команда 20 матчтың 18-інде жеңіске жетіп, бір рет тең ойнаған және бір кездесуде жеңілген.

Бірінші лиганың қорытындысы бойынша екі команда Премьер-лигаға көтеріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу