"Қарапайым халық бұрынғысынан екі еседей көп несие ала бастады"

3384

Елде несиесін мерзімінде өтемеген жеке азаматтардың саны көбейді. Барлық банк пен микроқаржылық ұйымдарда несиесін жаба алмай жүрген 1,5 млн адам бар.  

"Қарапайым халық бұрынғысынан екі еседей көп несие ала бастады"

Ал жалпы елде 6,2 млн адам банкке берешек. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты.

"Былтырғы есепте несиелер көлемі бұрынғыдан 40 пайыз өскенін көруге болады", – деді ол. 

Демек халық қарызды екі есеге жуық көп ала бастаған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Банк немесе микроқаржылық ұйымдар несие беретін кезде азаматтың табысын бағалауы керек. Олардың төлейтін ақшасы табысының 50%-нан асып кетпеуге тиіс. Егер асып кетсе, банк немесе микроқаржылық ұйымдардың несие беруге құқығы жоқ", – деп ескертеді Мадина Әбілқасымова.

Оның сөзіне сүйенсек, былтыр 128 мың келісімшарт бойынша шарттардың бұзылғанын анықталды. Осылайша, банктер артығымен алған соманы жеке тұлғаларға қайтаруға міндетті болды. 

"Микроқаржылық ұйымдар бойынша естеріңізде болса, сыйақы 700%-ға дейін болып, мұның артын үлкен шуға ұласқан болатын. Осыны көргеннен кейін оларды реттеуге тура келді. Олар үшін бірыңғай 56% сыйақы мөлшері бекітілді. Онлайн-несиелеу арқылы қазір 50 АЕК-ке (150 мың теңгеден астам) дейін ғана несие беріледі. Бір жарым айға! Біздің қазіргі міндетіміз онлайн-несиелеуді 56% болатын бірыңғай реттеу алаңына әкелу", – деді Әбілқасымова. 

Оның айтуына қарағанда, халықтың несиеге "батып" кетуінің ең негізгі себептерінің бірі – ставканың жоғары болуы және кей ұйымдардың халықтың табысын растамай қарыз беруі.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу