Қарашада бағамды дәл болжаған кім

Сара Бухина Сара Бухина
3390

Аbctv.kz назарларыңызға қараша айында теңгенің доллар мен Ресей рубліне шаққандағы бағамының дәлдігіне жасалған валюта болжамына шолу ұсынады.

Қарашада бағамды дәл болжаған кім

Қазан айында Қазақстанның валюта нарығында орын алған трендтер күздің соңғы айында да жалғасты. Сондай-ақ теңге бағамының одан әрі нығаюы байқалды. Қарашада ұлттық валюта тамыз айындағы деңгейді (долларына 329 теңге) еңсерді.

Теңге бағамының нығаюына бірнеше фактор әсер етті. Атап айтқанда, энергия тасымалдаушылар бағасының жоғарылығы, сондай-ақ 30 қарашада Венада өткен ОПЕК+ ұйымының кезекті отырысында алдын ала күтілген жағдайлар да теңгеге қолдау көрсетті. Сонымен қатар мұнай бағасының жоғарылығы долларға қысым көрсетті. Осылайша доллар әлемдік нарықтағы  орнын жоғалта бастады. Ал бұл жағдай еуроның нығаюына алып келді. Осы факторлардың барлығы Ресей рубліне айтарлықтай қолдау көрсетті.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің араласуын да естен шығаруға болмайды. Өткен айда аbctv.kz-ке пікір білдірген сарапшылардың көбі ұлттық валютаның бағамы қолдан реттеліп отырғанын алға тартқан еді.

Жалпы, теңгенің доллар бағамына қатысты консенсус-болжам нақты бағаммен сәйкес келмеді. Десе де валюта бағамын дәл тапқан жекелеген сарапшылар баршылық. Қарашаның екінші жартысында консенсус-болжам нақты бағаммен мүлде үндескен жоқ. Сарапшылардың пікірі тым пессимистік болып шықты. Олар теңге нығаяды деп болжаған еді. Алайда дәл сол уақытта ұлттық валюта керісінше әлсіреді. Мұндай пікірлер сарапшылардың барлығына тән емес, әрине. Тек бір-екі сарапшының пікірі ғана нақты жағдаймен сәйкес келмеді.

Әдеттегідей үздік болжам жасаған сарапшыны анықтау үшін біз Ұлттық банктің теңгенің доллар мен рубльге қатысты орташа апталық ресми бағамына сүйендік. Көптеген сарапшылар валюталық көрсеткішті ұсынатындықтан, орташа арифметикалық мәнді анықтап, оны консенсус-болжаммен және аптаның нақты бағамымен салыстырдық.

Әрине мұндай тәсіл үнемі шынайы дәлдікті көрсете бермейді. Сондықтан аbctv.kz сарапшылармен қатар оқырмандардың ұсыныстарына құлақ асады. Аbctv.kz осы болжамдарды жариялау арқылы тек ақпар беруді ғана басшылыққа алады. Біздің мақсат – соңғы сатыдағы ақиқатқа жету емес.

Субъективті пайымдауларды кейінге шегеріп қойып, сіздердің назарларыңызға теңге/доллар және теңге/рубль валюта жұбына арналған екі диаграманы ұсынып отырмыз. Толық танысып шығу үшін аbctv.kz-тің нақты бағаммен салыстырмалы түрде берген барлық болжамдар кестесін көруге болады.

Еркебұлан Қыздарбек, Сара Бухина

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться