Каратэші Әсел Қанай XX жазғы Азия ойындарының финалына шықты

172

Жартылай финалда отандасымыз Чакрия Ванмен (Камбоджа) күш сынасып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.  

Каратэші Әсел Қанай XX жазғы Азия ойындарының финалына шықты Фото: t.me/DRSQazaqstan

Есеп 3-0 болып аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында каратэден 2-жарыс күні жалғасып жатыр.

Әсел Қанайдың финалдағы қарсыласы енді анықталады. Ақтық сындар бүгін түсте басталады.

Әсел Қанай – 2023 жылы Ханчжоу қаласы қабылдаған XIX жазғы Азиаданың қола жүлдегері.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу