Карина Ибрагимова бокстан әлем кубогы кезеңінде Олимпиада жүлдегерін жеңді

117

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының ширек финалында жеңіске жетті.

Карина Ибрагимова бокстан әлем кубогы кезеңінде Олимпиада жүлдегерін жеңді Фото: olympic.kz

Бұрымды боксшымыз 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері У Ши Имен (Қытайлық Тайбэй) жұдырықтасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Карина алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Тіпті, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу