Қаржы министрлігі Мәди Такиевтің атынан тараған жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

368

Министрлік қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарын әлеуметтік желілерде таралып жатқан мұндай мәліметтерге сенбеуге шақырды. 

Қаржы министрлігі Мәди Такиевтің атынан тараған жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады Фото: Солтан Жексенбеков/kazinform

ҚР Қаржы министрлігі әлеуметтік желілерде Қаржы министрі Мәди Такиевтің атынан инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензия берілгені туралы тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Аталған ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы нарығында брокерлік, дилерлік, инвестициялық немесе өзге де кәсіптік қызметті лицензиялаумен айналыспайды, – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанда инвестициялық компанияларды, брокерлерді және қаржы нарығының басқа да кәсіби қатысушыларын лицензиялау, тіркеу және олардың қызметін қадағалау заңнамада белгіленген уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатады.

Қазақстанның қаржы нарығында қызмет ұсынатын кез келген ұйым заңда белгіленген тіркеу рәсімінен өтіп, тиісті рұқсат алуға міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу