Қаржылық реттеуші бөлшек саудаға бет бұрды

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
3295

Ұлттық банк брокердің делдалдығына жүгінбей-ақ, құнды қағаздарды халықтың өздігінен сатып алуына мүмкіндік беретін сервистің іске қосылғанын жария етті.

Қаржылық реттеуші бөлшек саудаға бет бұрды

"Ұлттық банктің жергілікті әзірлеушімен бірлесіп әзірлеген Invest Online сервисі бүгінгі күннен бастап пилоттық жоба аясында жұмыс істей бастайды. Бұл жоба қазақстандық төлқұжаты бар кез келген адамға шетелдік валютадағы салымға балама ретінде Ұлттық банктің ноталарын сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл өнімді әзірлеп, пилоттық жобада іске асыру арқылы халықтың брокерлер мен әртүрлі делдалдарсыз онлайн-режимде құнды қағаздарды сатып алуға деген қызығушылығының қаншалықты дәрежеде екенін көргіміз келді", – деді Ұлттық банк басқармасының төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз-конференцияда.

Банкир сервистің бір жарым жыл бұрын ойластырылғанын және онлайн-режимдегі биржалық келісімнің тіркеу, инвестордың қашықтықтан сәйкестендіру, ақшаны сатушының шотына аудару, құнды қағаздарды сатып алу, кері операциялар сияқты барлық кезеңдерін біріктіретінін айтты. Ұлттық банк басшысының айтуынша, қосымшаның ерекшелігі жаңа технологиялардың іске қосылуында. Яғни, ең алдымен,транзакциялар туралы жазбаны әдеттегідей емес, үлестірілген тізілімде жасайтын блокчейн технологиясын қолдануда болып отыр. Бұл инвесторға оның транзакциясы басқа біреу арқылы өзгертілмейтініне немесе сақталмайтынына сенімділік береді. Сонымен қатар Ұлттық банк осы үшін арнайы электронды ақша шығарған. Сервис мобильді және веб-қосымша базасында жасалған. Дегенмен, сервис негізінен жастар арасында сұранысқа ие және қазіргі уақытта қаржылық ұйымдардың басты назарына іліккен мобильді құрылғылар арқылы қолданылатын болады деген үміт басым. Қосымша банктік картаны қолдана отырып телефон арқылы ақшаны электронды әмиянға аударып, сауда операцияларына төлем жасауға мүмкіндік береді.

Инвестор қосымшаны жүктегеннен кейін автоматты түрде сауда жүйесіне тіркеледі де, Қазақстан банк аралық есеп айырысу орталығы жүйесінде оның атына электронды әмиян ашылады, сондай-ақ құнды қағаздардың орталық депозитариясында да жеке шот ашылып, онда сатып алынған құнды қағаздар сақталатын болады.

Invest Online халықтың санасын долларсыздандыруға ықпал етіп, қор нарығына жеке инвесторларды тартуға көмектеседі. Дарнияр Ақышев Ұлттық банктің кепілдендірілген ноталары дефолтқа бейім емес және олардан еш қауіп жоқ деп атап кетті. Сонымен қатар ол ноталарды сату мен сатып алуды кез келген уақытта іске асыруға болатынын айтты.  

"Тек түнгі сағат он екіде жүйе шамамен 20 минутқа қайта жүктелетін болады, бірақ бұл құнды қағаздарды сатып алу мен сатуды мобильді қосымша арқылы белсенді іске асыратын уақыт деп ойламайын. Қалған уақытта жүйе жұмыс істейді",– деп қазақстандық орталық банк басшысы нақтылап кетті.

Онлайн-сервис үшін Ұлттық банк ноталардың жылдық эмиссиясын арнайы шығарды.

"Өнім нотарларды халыққа сату арқылы ақша-несие саясатының қандай да бір функциясын іске асыруды көздеп отырған жоқ. Бізде банк секторындағы өтімділікті реттеуге арналған құралдар жеткілікті және банктің жүзеге асырып отырған көлемдері халыққа ұсынылып отырғанмен салыстыруға келмейді. Жобаны Ұлттық банк іске асырып отырғандықтан, қолда бар құралдарды қолдандық", – деп Данияр Ақышев журналистердің назарын пилоттық жобаның құралдарын таңдауға аударды.

Бір нотаның құны 100 теңге деп белгіленген, эмиссия бір жылға шығарылады, инвестициялардың табыстылығы жылдық 8,5%. Ұлттық банктің ноталары дисконттық қағаз болғандықтан, инвестор табысты олардың айналымға шығарылған уақыты мен Ұлттық банк эмиссияны төлеп біткеннен кейін алады. Алайда инвестор сауда операцияларынан да пайда көре алады. Ноталарды төлеп біткенге дейін ұстап отыру міндет емес, олардың күн сайынғы кірісін есептей отырып, айналым уақыты кезінде де пайда көруге болады.

Данияр Ақышевтың айтуынша, Ұлттық банк ноталарды сатып алу мен сатуға қатысты тарту көлеміне нақты бір жоспар қойып отырған жоқ, ол шамамен 50 млрд теңге болмақ.

Банкирдің ойынша, ноталарға инвестиция салу тартымдылығы ерекше шарттың туындауына себеп болады. Заң бойынша мемлекеттік құнды қағаздарға инвестиция салудан түскен табысқа салық салынбайды.

Алайда қазақстандықтар Invest Online жүйесінде тек Ұлттық банктің ноталарын сатып және сатып алып қана қоймайды, өнім келешекке бағытталып жасалған. Яғни алдағы уақытта қосымша арқылы басқа да құнды қағаздарды, оның ішінде ұлттық компаниялардың IPO-сын сатып алуға болады.

Данияр Ақышев Ұлттық банктің жасаған электронды сервисі нарықтағы бар құралдарды өзгертуге бағытталмағанын атап өтті.

"Цифрландыру мен жаңа технологиялар қарқынды дамып келеді, сондықтан заман талабына сай болу керек. Жоба Ұлттық банктің ноталарын жан-жақты танытуға емес, халықтың құнды қағаздармен жұмыс жасай білуіне бағытталған. Бүгінгі күні орталық депозиторияда ашылған шоттар саны біздің қор нарығын дамытуға қатысты міндеттерімізбен сәйкес келмейді. Сұраныс әлеуеті бұдан жоғары болу керек", – деді Ұлттық банк басшысы.

Ұлттық банк ақпары бойынша, қазір Орталық депозитарияда ашылға жеке тұлғалардың шоты шамамен 100 мың, бұл халықтың құнды қағаздарды сатып алуға деген қызығушылығының шамалы екенін көрсетеді.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу