KASE-де алғашқы мәміле 495 теңгеге жасалды

Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау пунктері доллар мен еуро сатуды қайта бастады.

KASE-де алғашқы мәміле 495 теңгеге жасалды

Қазақстан қор биржасындағы алғашқы мәміле бір доллар үшін 495 теңгеге жасалды, деп жазды inbusiness.kz

Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау пункттері қайта доллар мен еуро сатуды бастады. 

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, қазір ақша айырбастау пункттері АҚШ валютасын орта есеппен 492-ден сатып алып, 499 теңгеден саудалауда.

Еске сала кетсек, 28 ақпан Қазақстан қор биржасындағы сауда сағат 15:00-ге шегерілген еді. Ол Франкфурт аукционы жүйесі бойынша жұмыс істейді, бұл биржалық алыпсатарлық мүмкіндігін барынша азайтады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу