Қазақстандық технологиялық компаниясы отандастарымыз мақтан тұтатын және бүкіл әлемдегі адамдар тамсанатын әйгілі қазақстандықтар туралы "Қазақстанда жасалған!" жаңа бейнежобасын бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шавкат өміріндегі барлық жетістікке өз еңбегімен жетті. 16 жасында отбасына көмектесу үшін жүк тиеуші болып жұмысқа орналасқан. Ол кезде анасы төрт баламен Қарағандыда бір бөлмелі шағын пәтерде тұратын. Жас жігіт спортшы болуды армандайтын және ауыр жұмыс ауысымынан кейін күнде кешке жаттығуға баратын. Бүгінде Шавкат – ең табысты қазақстандық аралас жекпе-жек шебері және UFC -дегі аты аңызға айналған адам.
Шавкат Рахмонов, аралас жекпе-жек чемпионы:
"Мен үшін Қазақстанның туын көтеру үлкен абырой! Маған күш беретін – отбасым, халқым, отандастарымның қолдауы. Әрине, спорттағы әр жеңісім – үлкен еңбектің нәтижесі. Kaspi-дің көшбасшы болуы да, сондай орасан еңбектің нәтижесі. Kaspi алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылады, адамдар үшін ыңғайлы сервистер жасайды. Ал мен халқымның рухын көтеріп, қазақстандықтарды өз жеңісіммен қуантып келемін. Бізді біріктіретін ортақ мақсаттар көп!"
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
"Қазақстан – ерекше тарихы бар, таланттарға бай ел. Белгілі спортшылар, музыканттар, компаниялар Қазақстанның даңқын әлемге танытып жүр. Әр адам табысқа жету үшін көп күш-жігер жұмсап, аянбай еңбек етеді, сынақтардан сүрінбей өтіп, алға ұмтылады. Олар нағыз мықты тұлғалар, бірақ оларға бұдан да биік белестерді бағындыру үшін қолдау, махаббат, ынталандырушы күш қажет. Сондықтан біз осындай батырлар туралы көбірек айтуды жөн көрдік. Солардың бірі – Шавкат Рахмонов. "Бұл біздің бірегей спортшымыз, оны бәріміз мақтан тұтамыз және оған алдағы уақытта жеңіс тұғырынан түспеуін тілейміз!"
Шавкат Рахмонов – әлемге әйгілі атақты спортшы. Қазақстанда осындай ел мақтанышына айналған тұлғалар көп. Kaspi.kz өз жобасының келесі шығарылымдарында осындай қаһармандар туралы баяндайтын болады.
Kaspi.kz туралы:
Kaspi.kz миссиясы – клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау. Инновацияларының орталығында – елдегі ең танымал Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы тұр. Оны Қазақстанда 15 миллионға жуық адам пайдаланады. Қосымшада елдегі жетекші электрондық сауда, төлем және қаржылық қызметтер шоғырланған.
Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметімен бірге тиімді онлайн сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражатын басқарады, ұшақ пен пойыз билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді, ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz кәсіпкерлерге арналған Kaspi Pay суперқосымшасын да әзірледі. Оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы олар бизнесті дамытуға қаржы алады, төлем қабылдайды, жарнама кампанияларын іске қосады, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформасына қосылып, тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.
Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазды. Бұл материалдар бойынша бірнеше жылдан бері магистратура студенттері білім алуда.