"Каспий мұнай": Кен орнын цифрландыру және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

10243

"Каспий мұнай" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Сейсенғали Өтеғалиев - компанияның жаңа технологиялары, кадрларды дамытуы және әлеуметтік жауапкершілігі туралы айтып берді, деп inbusiness.kz  forbes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Каспий мұнай": Кен орнын цифрландыру және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Фото: баспасөз қызметінің мұрағаты

 

 

"Каспий Мұнай" акционерлік қоғамы 1997 жылы құрылды және барлауға лицензия алды. Айранкөл кен орнындағы барлау жұмыстары оң нәтиже берді және 2000 жылы 2,9 млн тонна қоры бар бор қабаттарының мұнай кен орындарын өнеркәсіптік игеру басталды. Кейін келісімшарттық аумақта юра қабаттарын бағалау бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді, бұл 2011 жылдың нәтижелері бойынша алынатын қорларды ұлғайтуға және 229 мың тонна мұнай өндіруге мүмкіндік берді. 2012 жылы акционерлер ауысты, дәл осы уақытта "Каспий мұнай" компаниясының дамуының жаңа кезеңі басталды.

– "Каспий мұнай" АҚ алғашқылардың бірі болып өз кен орнын толық цифрландырды. Цифрлық кен орнының идеясы және "Каспий мұнайдың" өзге компаниялардан ерекшелігі неде, қандай да бір жаңа тәсілдері бар ма?

– Қорларды өндірудің және кен орнын игерудің кезеңіне неғұрлым кеш өтуге байланысты бекітілген жобалау құжаттары мен сарапшылардың болжамдарына сәйкес 2018 жылдан бастап өндіру деңгейінің төмендеуі болады деп күтілді. Қорларды ұлғайту және деңгейді ұстап қалу жөніндегі міндеттерді шешу үшін жаңа технологяларды іздеуге кірістік, нәтижесінде "Smart Field" кешенді жобасын іске қостық.

Жоба 2017 жылы іске қосылды, жоба барысында мұнай кен орындарының геологиялық-гидродинамикалық модельдері салынды, өндірістік объектілер жаңғыртылды және автоматтандырылды. 2022 жылы жоба аяқталды және компанияның барлық бизнес-процестері толығымен цифрландырылды. Осы жобаның арқасында компания мұнай өндірудің 10 пайыздық өсіміне қол жеткізді және өндіру көлемін жылына 900 мың тоннадан астам шамада тағы 5 жылға ұзартты. Бұл – игерудің соңғы сатысында тұрған кен орны үшін өте маңызды көрсеткіш.

2015 және 2019 жылдардағы жобалық көрсеткіштерге сәйкес мұнай өндіруді салыстыру

"Каспий мұнай" компаниясының "Smart Field" жобасы кен орнын басқарудың жаңа тәсілі  және оның зияткерлік бөлігі төрт циклден/режимнен тұрады.

Нақты уақыт режимінде өндірістік объектілердің мониторингі және оларды кен орнын басқарудың аналитикалық орталығынан қашықтан бақылау жүргізіледі.

Қысқа циклде күндер мен апталарға арналған жоспарлар есептеледі, операциялық параметрлер талданады және жоспарланған өндірісті қолдау үшін ұңғымалардың технологиялық режимдері көрсетіледі.

Үшінші цикл кен орнын игеруді талдауға және орта мерзімді перспективада мұнай кен орындарын пайдалану сценарийлерін жоспарлауға мүмкіндік беретін Oilfield Manager (OFM) бағдарламалық жасақтамасын қамтиды. Бұл циклдің тағы бір негізгі құралы – WPO платформасы (Well Portfolio Optimization), онда бүкіл даму кезеңінде ұңғымаларды өндіру және геологиялық-техникалық іс-шаралар туралы мәліметтер жинақталған. Machine Learning алгоритмдері осы мәліметтер негізінде болжамды мұнай өндіруді есептей отырып, әр ұңғыма үшін оңтайлы геологиялық-техникалық іс-шара түрлерін дербес таңдайды. WPO арқасында геологиялық-техникалық іс-шара тиімділігі 90%-ға дейін өсті, ал ұңғымаларды жөндеудің аралық кезеңі 1200 тәуліктен астам уақытқа жетті.

Сонымен қатар, компания өндірілетін қорларды ұтымды және тиімді өндіруге мүмкіндік беретін кен орындарын игеруді ұзақ мерзімді жоспарлау шешімдерін қолданады.

 

Айранкөл кен орнын жедел басқару орталығы, "Каспий мұнай"

– Мұндай өсім тек бизнестің өзіне ғана пайдалы деу қисынсыз болар. "Каспий мұнай" ел бюджетіне үлкен салық аударады ғой?

– Қазақстанның мұнай-газ саласы – еліміздің ұлттық қоры мен бюджетін толықтырудың негізгі көзі және де біздің компания алдыңғы қатарда тұр. Тек 2022 жылдың өзінде жалпы пайда192,5 млрд теңге болғанда, 105,8 млрд теңгесі салық төленді немесе өндірілген мұнайдың бір тоннасы 115 мың теңге болды. "Energy Monitor" ҚҚ деректері бойынша біз аталған көрсеткіш бойынша КПО (165 мың теңге) мен ТШО-дан (156 мың теңге) кейін, Қазақстан көшбасшыларының үштігіне кіреміз.

Салық аударымдарының осындай жоғары деңгейіне өндіріс шығындарын тиімді бақылау арқылы қол жеткіздік, оның ішінде өндірілген мұнайдың бір барреліне кеткен 1,5 доллар шамасындағы лифтинг-шығындар бар. Соңғы он жылда компания 536 млрд теңге салық пен баж төледі, бұл сол кездегі бағам бойынша 1,8 млрд-қа тең.

Сонымен қатар, компания өз қызметі кезеңінде өндірісті жаңғыртуға 77,3 млрд теңге салды.

– Кез-келген компанияда, ең бірінші, кадр мәселесі бірінші орында тұрады. Мұнайшының жұмысын бір адамдай білесіз, осыған орай "Каспий мұнайдың" кадр саясаты, компанияның әлеуметтік қызметі туралы айтып берсеңіз.

– Бұл сұраққа зияткерлік кен орны тақырыбын әрі қарай жалғастыра отырып жауап бергім келеді. Біз де өзге компаниялар сияқты өткір проблемаға тап болдық, ол жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Дегенмен, біздің жобамыздың ерекшелігі – смарт жүйені іске асыру үшін біз батыс компанияларының тәжірибесіне көбірек назар аудардық және халықаралық деңгейдегі (Honeywell, Emerson, Schlumberger) вендорларды тарттық. Олардың міндеттерінің бірі жүйені одан әрі пайдалану үшін біздің мамандарды оқыту және даярлау болды. Сонымен қатар, "Smart Field" жобасы аясында компания компанияның барлық қызметкерлеріне кез келген ыңғайлы уақытта білім алуға немесе біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін "Caspiy Neft Bilim" онлайн оқыту платформасын іске қосты. Бұл – өндірістік қызметке қажетті негізгі дағдылар мен техникалық тақырыптар бойынша көптеген курстар ұсынатын қызметкерлерге арналған онлайн оқыту платформасы.

Екінші мәселе бойынша компания қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына үлкен мән беретінін айтқым келеді. Бұған лайықты жалақы, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту және медициналық сақтандыру, сондай-ақ қызметкерлердің балаларын оқыту және жыл сайынғы демалыс кіреді. Сондай-ақ, біз 100 орындық асхана, монша-кір жуу кешенін салдық, жалпы сыйымдылығы 150 орыннан асатын жатақханаларды жаңарттық және Айранкөл кен орнында спорт ғимараттарын салдық, нәтижесінде біздің қызметкерлердің еңбек өнімділігі мен адалдығы артты.

Айранкөл кен орнындағы асхана, "Каспий мұнай"

Біз сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік пен өңірді қолдауға үлкен мән береміз. Мысалы, Атырау облысындағы Сарайшық кентіндегі мұражайды қалпына келтіруге демеушілік жасадық, Қазақстан- Британ техникалық университеті, С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті, APEC PetroTechnic Жоғары колледжі сияқты саланың жетекші оқу орындарымен өзара қарым-қатынасты қолдаймыз. Сондай-ақ мүгедек балалардың қайырымдылық қорларына және спорт федерацияларына көмек көрсетеміз.

Сонымен қатар, биылғы жылы өткен "Digital Almaty 2023: жаңа шындықтағы цифрлық серіктестік" форумында біздің еңбегіміз атап өтілгенін, онда Tech Garden Award 2022 жеңімпаздары марапатталғанын айта кетсем деп едім. "Каспий мұнай" "Үздік цифрлық шешім" номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Өмірбаяны

Сейсенғали Әжғалиұлы Өтеғалиев – "Каспий мұнай" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Тюмень индустриалды институтының геологиялық барлау факультетін бітірген. Қазақстанның мұнай-газ секторында 50 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын мұнай және газ өндіру операторы ретінде бастаған. ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінде, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазМұнайГаз БӨ" АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ басшылық қызмет атқарды. ҚР Энергетика министрлігінің Барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу