"Қауіпсіздікке бақылау болмаған": Олжас Бектенов 14 сарбаздың қазасынан кейін анықталған кемшіліктерді атады

577

Елімізде Президент тапсырмасымен әскери реформа жоспарының жобасы әзірленді.

"Қауіпсіздікке бақылау болмаған": Олжас Бектенов 14 сарбаздың қазасынан кейін анықталған кемшіліктерді атады Фото: primeminister.kz

Маңғыстау облысында 14 әскеридің қаза табуына байланысты жүргізілген тексеріс әскердегі жүйелі кемшіліктерді анықтады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қорғаныс министрлігінің кешенді тексерісі барысында жаттығулардың өтуін бақылау, ықтимал қауіптерді бағалау және төтенше жағдай өзгерген кезде жедел шешім қабылдау мәселелерінде олқылықтар анықталған.

"Қауіпті факторларға жеткілікті көңіл бөлінбеген. Қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жаттығулардың қауіпті кезеңдерін дер кезінде тоқтатуға тиісті бақылау болмаған", – делінген Үкімет басшысының жауабында.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Әскери реформа жоспарының жобасы әзірленуде. Құжатта оқу-жаттығуларды жоспарлау тәртібін біріздендіру және әскери басқару жүйесін жетілдіру көзделген.

Ал әскери қызметшілердің қаза табуына тікелей себеп болған мән-жайлар мен жауапты тұлғалар туралы нақты қорытынды жарияланған жоқ.

Күні кеше Қорғаныс министрі әскери жаттығу кезінде зардап шеккен әскери қызметшілер мен жаттығу барысында қаза тапқан сарбаздардың туыстарын қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу